ХІV ғасыр мұраларының тіліндегі матаса байланысқан есімді тіркестер

2.2

ХІV ғасыр мұраларының тіліндегі матаса байланысқан есімді тіркестер

Түркі тілдеріндегі сөз тіркесі тәсілдерінің ішінде матаса байланысқан тіркестердің дамуы ғылымда жеке қарастырылмай келеді. Матаса байланысу – ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі. Бұл тіркестерде бағыныңқы сыңар ілік септікте немесе атау септік күйінде тұрады да, басыңқы сыңар тәуелдік жалғауы тұлғасында тұрады.

Матасу – байланысудың басқа формаларына қарағанда тарихи тұрғыдан ең кеш қалыптасқан формалардың бірі. Қазан төңкерісіне дейін М.А.Казем-Бек ілік жалғаулы сөзді «Меңгеруге байланысты сөз тіркестері» дей келіп, оларды «фраза» [15,274] деп атағаны белгілі. П.М.Мелиоранский еңбектерінде матаса байланысқан сөздер тобы жеке көрсетілмейді. Матаса байланысу формасының қазақ тілінде зерттелуі М.Балақаев есімімен байланысты. Осы кезеңде қазақ тілінің грамматикасы бойынша арнайы оқулық жазған, әсіресе, ғалымның «Основные типы словосочетании в казахском языке» атты еңбегінде кеңінен қарастырылады. Матасу арнайы байланысу амалы ретінде тіл білімі ғылымында ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады.

Сөз тіркесінің даму тарихында ілік жалғаулы сөздер де меңгеріле байланысқан: қаланың баласы, карин йүкі (643) – қарынның жүгі, үзүм ширеси (216) – жүзім шырыны, көк урайы (53) – шөп ұрығы, ләшкерінің қолы - әскерінің қолы.

Жазба ескерткіш тіліндегі матаса байланысқан сөз тiркестерiнің жасалу жолдарында өзiндiк ерекшелiктер бар. Бұл сөздікте былай көрiнiс табады: Келенин дилайы (1055) – жануардың құлағы, келенин учаси (767) – жануардың белі, алтун таразиси (247) – алтынның таразысы. ХІІІ-ХІV ғасыр жазба жадыхаттарында: казан көпүки (22) – қазан көбігі (МӘ), темүр ушайы (198) - темірдің ұсағы, теве төши (276) – түйенің төсі (МӘ), шатранжниң бисати (1048) – шахматтың тақтасы (МӘ), сүт көпүки (225) – сүттің көбігі (МӘ), киши қылқы - кiсiнiң қылығы (164), билигкә тилмәчи (158) - бiлiмнiң тiлмашы (ҚБ), будун тили – жұрттың тiлi (164), елиг көңли – елiктiң көңiлi (567), билигсиз тили (1640) – бiлiмсiздiң дiлi (Мн). Ал «Жамиғат-тауарих» және «Түркі шежіресі» жазбаларында ханның оғлы (Ж) – ханның баласы, адамның бейіші (Ж) – адамның пейіші, фужиннің ордусу (Ж) – фужинннің ордасы, жиреннің йылқычысы (ТШ) – жиреннің жылқышысы, Хытайның шахары (ТШ) – Қытайдың қаласы сынды болып келеді. Бұл сөз тiркестерiнiң бiрiншi сыңарлары iлiк жалғауда, екiншi сыңарлары тәуелдiк жалғау тұлғасында тұр. Мұндағы кейбір сөз тіркестерде ілік жалғауы көбіне жасырын түрде келеді.Б.Әбілқасымов «Түркі шежіресі» жазба ескерткіші тіліндегі сөз тіркестерін зерттей келе, олардың басым көпшілігінің қазіргі қазақ тілінде аса көп өзгеріске ұшырамай сақталғанын көрсетеді және олар көркемдік құрал ретінде қолданылғанда қазақтың ұлттық таным-түсінігіне сай келетіндігін айтады [10].

Жазба ескерткіштер тілінде сөздердiң осылай байланысуы - қазақ тiлiнiң грамматикалық құрылысындағы ерекшелiктердiң орта ғасыр жазба ескерткiштерiнде де бар екендiгiнің дәлелі. Сөз тiркесiнiң бұл байланысын бiрқатар түркітанушылар қиысу ретінде қарастырады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптiк мағынасына лайық, белгiлi грамматикалық тұлғада айтылса, матасуда, керiсiнше, басыңқы сөз өзiне бағыныңқы сөздiң жақтық мағынасымен үйлесiп, тиiстi грамматикалық тұлғада жұмсалады. Сөйте тұрып, ол бағыныңқы сөздiң тиiстi жалғауда айтылуын керек етедi. Мысалы, сөздікте: балдир сүйеки (149) – балтырдың сүйегі, айниң айаки (12) - айдың соңы, сакалниң баши (135) – сақалдың ұшы, тери ичи (125) – терінің іші, кулакниң тешүги (128) - құлақтың тесігі, камурсканиң йумуткаси (296) - құмырсқаның жұмыртқасы, тонниң мүхреси (206)-тонның түймесі, ипин кесеки (278) - жіптің үзіндісі (МӘ), киши тәлваси – кісінің есуасы (3480), дунийа қуты - дүниенің бақыты (3478) түрінде көрініс тапса, орта ғасыр жазба жәдігерліктерінде дунийа нәңи – дүниенің заты /3491/, севүг айбы – сүйіктінің айыбы (ҚБ), билигсиз тили - білімсіздің тілі (Мн), йармышның сақасы (ТШ) – ярмыштың бектері, соңқурның хатұны (Ж) – соқырдың әйелі, кішінің аты (Ж) – кісінің аты сынды болып келеді. Жазба ескерткіштердегі сөз тіркестері қандай қызмет атқарса, қазір де сондай қызмет атқарады. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінде кездесетін тіркестерді зерттеу барысында сөз тіркестерінің даму заңдылықтары тілдік жүйенің даму заңдылықтарына тәуелді екені анықталды.

Матаса байланысуды қиысудан бөлiп қарау қазақ тiлiнiң, сонымен қатар басқа түркi тiлдерiнiң де сөйлем құрылысында бар синтаксистiк ерекшелiктердi дұрыс тануға себепкер болады. Ескерткіште: ичин кабуйы (307) - іштің қауызы, тонниң кесеки (695) - тонның бөлігі, ешекин паани (281) - есектің егері, ешикин йани (94) – есіктің бағанасы (МӘ) сынды сөз тіркестері кездеседі. Бұл сияқты матаса байланысқан сөз тіркестері «Жамиғат-тауарих», «Түркі шежіресі», «Құтадғу білік» жазбаларында да көптеп кездеседі. Мысалы: кішінің қолы (ТШ) – кісінің қолы, арықның ортасыи (Тш) – арықтың ортасы, Кашмирдің суы (Ж) – Кашмирдің суы. Матасу тәсілі қолданылатын изафеттiк құрылыстағы тiркестiң осы тәрізді басқа сөз тiркестерiмен де тiзбектелiп, шиыршықтана беретiнiн ескеру қажет.

Матаса байланысатын сөздер – негiзiнде, зат есiмдер. Сөздік материалы негізінде зат есiм мағынасында не зат есiм орнына жұмсалатын сөздердiң бәрi сол тiркестiң бiрiншi не екiншi сыңары бола алатындығын байқаймыз. Мысалы: евниң көкүси (92) – үйдің шатыры, евниң оки (92) – үйдің қарысы, өтүк астари (193) – етіктің ұлтарағы, өтүк ипи (232) – етіктің бауы. Өзге орта ғасыр жазба ескерткіштерінде дунийа иңи – дүниенiң заты (ҚБ), дунийа қуты – дүниенiң бақыты (ҚБ), севүглүг нишаны – сүюшiнiң нышаны (3472), сөз түгүни – сөздің түйіні (Мн), Қайдуның оғлы (Ж) – Қайдуның ұлы, пиазның түбі (ТШ) – жуаның түбі болып келеді. Анықтауыштық қатынастағы iлiк жалғаулы сөздердiңалуан түрлi құрамда айтылуына қарай матаса байланысқан сөз тiркестерi әр түрлi қатынаста жұмсалатындығы анықталды.

Бұл үлгі әртүрлі меншіктілік қатынастарды білдіреді және ілік септігінің жалғауы барлық дамыған түркі тілдерінде кездеседі (якут тілінде жоқ, өйткені онда ілік жалғауы дамымаған). Бұл үлгі көне, орта ғасыр және кейінгі түркі жазбаларында да кездеседі. Мысалы: олурыпан түрк будуның ілін тор (үс) ін тұта бірміс іті бірміс (ҚБ) - таққа отырып, олар түркі халқының құралуын, бірлігін қамтамасыз етті, түн күнүн қаршысы (МК)- түн күннің қарсысы, кішінің сөзі (МК) - кісінің сөзі, менім сөзүм (ҚБ) - менің сөзім, тенрінің аты (ҚБ) - тәңірінің аты, адэмілэрнің йурэклері (ДТС) - адамдардың жүректері, уа бағзы ол ұлұғлары Онханның хақында яман кеңэш қылып ерді (Ж) - ол қашып, Түркістанның хакімі қара қытай Қорханға барды.

Ескерткіштегі матаса байланысқан тіркестерде де тіркес құраушы сөздердің орын тәртібі тұрақты болады, олардың арасына басқа сөз қосуға болмайды. Тіркестің бұл түрі бұрыннан келе жатқан көне тіркестер қатарына жатады. Өйткені бұл үлгі қазіргі түркі тілдерінің барлығында бар, әрі көне түркі жазбаларында да ұшырасады. Олардың білдіретін семантикасы да осы тілдердің көпшілігіне ортақ болып келеді. Мысалы, «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде: арик баши (48) – арықтың басы, бойуз айрики (215) – тамақ ауруы, бойуз байы (40) – дауыс байланысы, тирнак айрики (215) – тырнақ ауруы, бармак сани (618) – бармақ саны, йай акачи (63) – сабақтың ағашы, кудук тегреси (50) – құдықтың айналасы, бурун ичи (132) – мұрынның іші, мирт йапраки (58) – мирта жапырағы, бармак буйуни (139) – бармақ буыны, шеһер таши (76) – қаланың тасы, Рүстем йаси (21) – Рүстемнің садағы, балчик параси (30) – балшықтың түйірі, корган тами (74) - қорған қабырғасы.

Қазіргі түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркестерінің білдіретін мағыналық қатынастары да, сонау орта ғасыр жазба ескерткіштерінде де кездесетіндігі анықталып отыр. Мысалы, егин ети (138) – иықтың еті, күнниң котани (22) - күннің айналуы, нар кабуйы (218) – анардың қабығы, ат белгүси (251) – аттың белгісі, ат куйруки (253) – аттың құйрығы, тенгиз көпүкү (46) - теңіздің көбігі, атниң какли (253) – аттың кекілі, тенгиз кирайы (51) – теңіздің жағасы, ат тамйаси (258) – аттың үйірі, йилан териси (295) – жыланның терісі, ат менги (252) – аттың меңі, куш еви (82) – құстың ұясы сияқты сөз тіркестер «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде кездессе, орта ғасыр жазба жадыхаттарында алп Шалчы ақ атын бініп тэгміш (ҚБ) - алып Шалшының ақ атын мініп жауға шапты, он оқ сүсі қалықсыз тасықды (ДТС) - әділеттінің ұяты күшті, - деді, сәміз ат ағзы қатығ болты (Ж) - семіз аттың аузы қатып қалды (қаталады), қаған інісі чур тэгін кэліп... (ДТС) - ханның інісі Чур тэгин келіп..., Көрүч сабы антағ (ДТС) - Барлаушы сөзі осылай, экін ара ккісі оғлы қылыңмыс (ҚБ) - екеуінің арасынан адам баласы жаралған, когмэн аша қырқыз иірінэ тәгі сөңіштіміз (ҚБ) – көкпен асып, қырғыз жеріне дейін жорық жасадық, үчінч чуш башында сөнүшдім (Мн) - үшінші рет Чүш басында соғыстым, сүңүг батымы қар (ҚБ) - найза бойы қар, сү басы инэл қаған, Тардус сад барзун тіді (ДТС) - әскер басы болып Инэл қаған және Тордуш шад барсын деді, қара йол тәңрі (Ж) - қара жол тәңірі. Осы мысалдардан матаса байланысқан сөз тіркестерінің түркі тілдерінде ерте дәуірден келе жатқан көне құрылым болуымен қатар, белгілі семантикалық жүйеге түскен, нормаланған құбылыс екендігі байқалады.

Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде тіркестің бұл түрінде осындай әр ізділіктің болуы бұл тілде бүгінгі күнгі жүйенің әлі қалыптасып болмағанын, осы тілдің өзі көне норма мен жаңа норма элементтерін бойына жиған өткінші кезеңді көрсететінін аңғартатын сықылды.

2.3 Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестер. Қабысу деп, профессор Т.Сайрамбаев бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың бір-бірімен ешбір қосымшасыз түрде тіркесуін айтады [16,17]. Н.З.Гаджиева зерттеу еңбегінде: «Жалғамалы тілдердің ең маңызды құрылым белгісі - сөздердің орын тәртібі. Түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің негізгі байланысу тәсілдерінің бірі болып табылатын қабысу синтаксистік қатынасты білдірудің ең көне тәсілі болып табылады» - дейді [5,209].

Түркі тілдерінде сандық анықтауышты білдіруде сан есім және нумеративті сөздер мен зат есімдер арасында ілік септік қатынасы болмағаны белгілі. Сан есім + нумеративті сөз + зат есім құрылымды сан есімді тіркестер өздерінен кейінгі қатарда тұрған өлшеу обьектісі күйіндегі зат есіммен қабыса байланысады. Бұл құрылым қазақ тілінде нумеративті сөз тіркестерінің зат есімдермен бірге құрайтын күрделі сөз тіркесі болады. Сонымен бірге, бүкіл түркі тілдерінің ішінде нумеративті сөз бар құрылымдардың толық және нормаға сай формасы болып табылады [5, 32-33]. Бұл үлгіде сан есіммен бірге нумеративті сөз сандық анықтауыштық қызмет атқарады. Мысалы, қазақ тілінде екі қап шөп, бір топ бала, бір уыс мақта, бір қазан сүт сынды болып келсе, «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде бир тутам от (54) – бір тұтам шөп, бир йаш оғлан (153) – бір жас балаболып келеді. Бұдан шығатын қорытынды, зат есім тұлғасындағы тіркестер сөздік мәтінінде қабыса байланысқан сөз тіркестері сан есім – нумеративті сөз үлгісіндегі тіркестердің жасалуы жағынан бір-біріне ұқсас екендігі анықталды.

Қабыса байланысқан зат есімдердің матаса немесе жартылай матаса байланысқан зат есімді тіркестерден мынадай айырмашылығы болады. Матасуда басыңқы сыңардағы зат есім бағыныңқы сыңардағы зат есімді атаулық мәнге жеткізетін заттық белгіні көрсететін болса, қабысуда мұндай қасиет жоқ. Мысалы: күмиш йүген (485) - күміс үзеңгі, күмиш тепги (103)- күміс ыдыс, күмиш йүзүк (600) – күміс жүзік, йаман сөз (312) – жаман сөз, йаш арпа (53) – жасыл арпа, йупка етмек (223) – жұқа нан, ит кавуни (61) – жабайы қауын, йашурма дост (416) – құпия дос, кишка көнглек (228) – қысқа көйлек, бөдүк таа (33) – биік тау, кара куш (ТАС) – қара құс, кере йак (ат-Тухфа) – сары май, керту сөз (ат-Тухфа) – шын сөз, саруғ ерик (ТАС) – сары өрік, кара ерик (ТАС) – қара өрік, ала көз (ТАС), кара етмек (Б) – қара нан тіркестерінде басыңқы сыңардағы зат есім бағыныңқы сыңардағы зат есімді атаулық мәнге жеткізетін белгі емес. Қабыса байланысқан зат есімдердің тіркесі мен сын есімді тіркестердің арасында белгілі бір байланыс бар. Қабыса байланысқан зат есімдердің алғашқы сыңары анықтауыш болып, екінші сыңары анықталушы ретінде анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Есімді тіркестерде тіркес құрамындағы сын есімдер мен зат есімдер қабыса байланысады. «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде бірінші компоненттегі сын есім екінші компоненттегі зат есімді атаулық мәнге жеткізетін сындық белгі болып келеді. Мысалы: йупка перде (234) - жұқа перде, йупка тон (895) – жұқа тон, йупка сач (782) – жұқа шаш, бөдүк көшк (87) – биік мұнара, биуйк үн (889) - жуан дауыс, кари качир (300) – кәрі қашар, кичик йаштук (236) – кішкентай жастық, калчаай баш (759) – қасқа бас, кара мунчак (38) – қара моншақ. Ал өзге орта ғасыр жазба жадыхаттарында қара кебіш (ТШ) – қара кебіс, йақшы падшаһ (ТШ) – жақсы патша, йахшы ат (Ж) - жақсы ат, едгү киши (ҚБ) – жақсы кісі, ал ағы (ҚБ) – қызыл жібек, улуғ балық (ҺХ) - үлкен қала сынды болып келеді. Қабыса байланысқан зат есімдердің сан есімді тіркестер сияқты байланысып, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы олардың өзара ұқсастық жақтарын танытады. Мұнда бағыныңқы сыңардағы зат есім сын есімдер тәрізді басыңқы сыңардағы зат есімнің сындық қасиетін білдірген.

«Муқаддимат әл-Әдаб» сөздігінде қабыса байланысқан есiмдi сөз тiркестерiнiң құрамы әртүрлi. Оның бағыныңқы сыңары зат есiм, сын есiм, сан есiм, сiлтеу есiмдiгi, есiмше, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есiм, субстантивтенген сын, сан есiмдер болады. Мысалы: кара йылан (295) – қара жылан, қатик иш (781) – қатал жұмыс, курук от (47) – құрғақ сабан, билигсиз киши (153) – білімсіз кісі, уқуш иш (157) – көрікті іс, өкүш сөз (168) – көп сөз, йалан сөз (544) – жалған сөз, ески латта (232) – ескі шүберек, киши едгүси (230) – ізгі кісі, ерсә аты (232) – соқпақ аты, едгү өгди (236) – есті алғыс, есиз едгү (241) – жаманды жақсы, йайығ дунийа (391) – баянсыз дүние, ирсәл йайығ (392) – қызметі тұрақсыз, ески түлүм (194) - ескі торсық, йашы ұзын (392) – жасы шексіз, қылқығ қыз (393) – қылқы қыз, кума тепе (32) – құм төбе, йүгүрүк теве (276) – жылдам түйе, ески чайыр (474) – ескі шарап, йақши жавап (971) - жақсы жауап, сайар инген (275) – сайын інген, сарик чечек (58) – сары гүл, түз фикир (334) – таза ой, йанги күн (16) – жаңа күн, инчу лаж (469) - інжу сыпырғы, ирик йер (30) – кең жер, сирйа ат (252) – шабарман ат, йахши ат (709) – жақсы жылқы, көр көз (712) – соқыр көз, қылынчы силиг (393) – мінезі сынық.

«Муқаддимат әл-Әдаб» сөздігінің тілінде осындай тiркесте айтылатын зат есiмдер тобы көбiнесе екi сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста тұрады. Мысалы: йахши балчик (29) – жақсы балшық, түгәл қут (3414) – шын дәулет, сарик ат (908) – сары жылқы, көр хатун (712) – соқыр әйел, сарик тикен (63) – сары тікен, йахши киши (168) – жақсы адам, йорық тил (158) – жүйрік тіл, йахши үн (1003) – жақсы дауыс, ач хатун (756) – аш әйел, сарик чүпчүк (301) – сары шымшық, йаңшады тер тилиг (171) – тіл безер мылжың. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанымен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады. Осы тәрiздi қатар тұру арқылы бiрiн-бiрi анықтайтын зат есiмдер тобы екi, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкiн.

Бiрқатар зат есiмдер анықтауыштық құрамда жұмсалу үшiн өз алдында басқа анықтауыштардың болуын керек етедi. Мысалы: тегри неме (492) - дөңгелек зат, келе базар (80) - мал базар, теве тирнак (277) - түйе табан, ашлик каричан (44) - астық керуен, танг неме (686) - ғажайып зат, екки күнлүг қонуқ - екі күндік қонақ (3482), йайығ дунийа - баянсыз дүние (3486) деген сөз тіркестері дүние баянсыз, қонақ күндік деп айтылмайды, баянсыз дүние дегенде ғана анықтауыштық құрамға енеді. Екки күнлүг қонуқ – екі күндік қонақ (3482) күндік қонақ деп жалаң айтылмайды.

Сөздікте заттың неден, қандай заттан жасалғанын бiлдiретін сөз тіркестері де көрініс беріп қалады: темүр гарук (670) – темір шеге, сүт тиш (133) – сүт тіс, тэмір қапыққа тэгі сүлэдім (ҚБ) - темір қақпаға дейін бардым, алтұн кэш адырылдым (ДТС) – алтын белбеуімнен айырылдым.

Орта ғасыр жазба жадыхаттары тілінде қолданылған жинақтау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы, барча хатунлар (321) – барлық әйелдер, барча малниң ийилери (324) – барлық малдың иегерлері, барча еренлер (331) – барлық еркектер.

ҚОРЫТЫНДЫ

ХІІІ ғасырдың соңы мен ХІV ғасырдың басында хатқа түскен Махмуд әл-Замахшаридің «Мұқаддимат әл-Әдаб» атты төрт тілді (арабша – парсыша – түркіше – монғолша) сөздігі орта ғасырлық түркі жәдігерліктері қатарындағы өте маңызды да мәнді ескерткіш болып табылады. Шығыстанушы В.В.Бартольд түркі тілдерінің тарихи ескерткіштері туралы айта отырып, маңыздылығы жағынан бірінші орынға М.Қашқаридің «Девону луғат-ат турк» атты сөздігін, ал екінші орынға осы «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігін қоюының дұрыстығы зерттеу барысында айқын көрінді.

Осы тектес ескерткіштердегі сөз тіркестерін зерттеу қазақ тілінің тарихи синтаксисін түзуде қажетті шаралардың бірі. Осы диссертациялық жұмыста жүргізілген зерттемелер нәтижесінде «Мұқаддимат әл-Әдаб» ескерткішіндегі негізгі үлгілер қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің тіркесу үлгілерімен сәйкес келетіндігі анықталып отыр.

Ескерткіш тілінің грамматикалық құрылымын зерттеу нәтижесінде изафетті тіркестердің қолданыс аясы айқындалып, олардың ішінде ең жиі кездесетін түрлері анықталды. Қолжазбада қолданыстағы изафет түрі – ілік жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесінің басыңқы бөлігінің тәуелдік жалғау тұлғасында келуі.

Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестердің құрамын талдаған кезде ең жиі қолданылатын сөз тіркестері зат есім мен сын есімді тіркестер екендігі белгілі. «Мұқаддимат әл-Әдаб» ескерткішінде де осы заңдылықтың сақталғандығы зерттеу барысында айқындалып отыр.

«Мұқаддимат әл-Әдаб» ескерткіші мен өзге орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштері тіліндегі (Қашқари М. «Девону луғат-ат турк», Қадырғали Жалаири «Жамиғат-тауарих»,«Китаб ат туһфа аз закина...», Әбілғазы Бахадүр хан «Түркі шежіресі», «Мұхаббат-наме», Баласағұн Жүсіп «Құтты білік», «Һибат-ул хақайық», «Тюркско-арабский словарь», «Хұсрау уа Шірін») және түркі тілдерінің тарихи синтаксисі мәселесі бойынша зерттеу жүргізген мамандардың еңбектері материалдарын салыстыру негізінде сөз тіркесі синтаксисі бойынша кездесетін негізгі заңдылықтардың тарихи даму жолдары мен сәйкестіктер жүйесі толық ашылып, белгілі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бартольд В.В. Обзор деятельности факультета восточных языков. // Сочинения. – Москва. 1968. Т. VІІІ. – 465 с.

2. Курышжанов А.К. Язык старокыпчакских письменных памятников ХІІІ-ХІV вв. - Алма-Ата. – 245 с.

3. Поппе Н.Н. Монгольский словарь Мукаддимат ал-адаб. ч. 1-2 , - М.-Л., 1938. – 456 с.

4. Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. – М.-Л., 1940. –176 с.

5. Гаджиева Н.З. Природа изафета в тюркских языках // Советская тюркология. 1970, № 2, 3.

6. Сыздыкова Р.Г. Язык Жамий’ат-Тауарих Жалаири. - Алма-Ата, 1989. -

7. Сағындықұлы Б. Хибат-ул хақайық. ХІІ ғасыр ескерткіштері. –Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 184 б.

8. Күлжанова Б. ХІ-ХІІ ғасырдағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер («Құтадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайық» лексикасы материалдары). – Алматы, 2007. – 133 б.

9. Әмір Р.С., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.

10. Әбілқасымов Б. Әбілғазы ханның Түркі Шежіресі және оның тілі. Алматы, 2001. – 164 б.

11. Өмірбаев Е. Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер (ХV-ХVІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштер материалдары бойынша). – Алматы, 2007. – 122 б.

12. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану үрдісі. – Алматы, 1997. – 320 б.

13. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – Алматы, 1969. –230 б.

14. Балакаев М. Основные типы словосочетании в казахском языке. – Алма-Ата: Изд. Акд. Наука Каз ССР. 1957. – 245 с.

15. Казем-Бек М.А. Общая грамматика турецко-татарского языка. – Казань, 1846. – 435 с.

16. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп, 1981. – 200 б.

Қысқартылған шартты белгілер

МӘ - Поппе Н.Н. Монгольский словарь Мукаддимат ал-адаб. 1-2 ч., - М.-Л., 1938.

МҚ – Қашқари М. Девону луғат-ат турк. І-ІІІ т. – Ташкент. 1961-1963.

Ж – Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы, Алматы, 1997.

ТШ - Әбілғазы Бахадүр хан. Түркі шежіресі (көне түркі тілінен аударған Б.Әбілқасымов). Алматы, 1992.

ДТС - Древнетюркский словарь. – Ленинград. 1968.

Мн – Мұхаббат-наме.

ҚБ – Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. – Алматы. 1986.

ҺХ – Һибат-ул хақайық.

ТАС – Курышжанов А. Исследование по лексике старокипчакского письменного памятника ХІІІ в. «Тюркско-арабского словаря». – А. 1970. –233 с.

ХШ – Ибатов Ә. Құтбтың «Хұсрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. – 278 б.

Ә - Исин А.И. Әділ сұлтан эпикалық жыры. Алматы. 2001.

Ш - Утемиш-хаджи Чингизнаме. Алматы, 1992.

Ен – Енисейская письменность тюрков

КТ – Күлтегін ескерткіші

Аттуһфа – Китаб ат туһфа аз закина... ХІV ғ. Қолжазба // Изысканный дар тюркскому языку. Ташкент. 1978. -349 с.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі

1. ХІІІ-ХІV ғасырдағы кейбір жазба ескерткіштердің зерттелуі // М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің аспиранттары, магистранттары мен дәрістеуші-ізденушілердің ғылыми еңбектерінің жинағы. – Шымкент, 2005. № 6. – 61-64 бб.

2. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі зат есімді тіркестер // М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылыми еңбектері. – Шымкент, 2006. № 11-12. – 349-351 бб.

3. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі меңгеріле байланысқан есімді тіркестердің жасалу жолдары // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2007. № 1-2. – 152-155 бб.

4. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сын есімді тіркестердің жасалуы // Ұлт тағылымы. – 2007. № 2. – 290-293 бб.

5. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі матаса байланысқан есімді тіркестер // Тілтаным. – 2007. № 2. – 133-137 бб.

6. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі қабыса байланысқан сөз тіркестері // ҚРҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 2007. № 4. – 192-195 бб.

7. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сан есімнің нумеративті сөздермен тіркесі // Жас ғалым – 2007: Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Тараз, 2007. – 121-123 бб.

8. «Мұқаддимат әл-Әдаб» сөздігіндегі есімшелі сөз тіркестер // М.Әуезов – жаңа дәуір данышпаны: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Шымкент, 2007 ж. – 142-145 бб.

9. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестер // Қазақ тілі біліі мен түркітану мәселелері: Халықаралық ғылыми теориялық конференция. – Алматы, 2007 ж. – 183-186 бб.

10. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі сан есімді тіркестер // Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері. Қалыптасуы, дамуы мен болашағы: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2007 ж. – 256-259 бб.

РЕЗЮМЕ

Утегенова Гулзира Жаксылыковна

Формирование именных словосочетаний в письменных памятниках средних веков («Мукаддимат ал-Адаб», ХІV в.)

Специальность: 10.02.06 – тюркские языки

Диссертационное исследование посвящено описанию специфики оброзования именных словосочетаний на основе языковых материалов письменного памятника ХІV века «Мукаддимат аль-Адаб» выявлению и изучению их типовых моделей.

Актуальность исследования, в первую очередь, связана с тем, что письменные памятники средневековья являются бесценным духовным наследием общетюркского культурного пространства, консолидирующим, обьединяющим феноменом, в языковых материалах которых прослеживается историческая преемственность казахским языком.

Актуальность диссертационного исследования связана с неразработанностью именных словосочетаний в тюркских языках на синтаксическом уровне, а именно на материале «Мукаддимат аль-Адаб».

Необходимость исследования исторических путей равития, совершенствования грамматического строя современного казахского языка, истоки которого берут начало с древних времен, средневековья также предопределяют актуальность данного исследования.

Обьект исследования. Закономерности и специфика образования именных словосочетаний в языке письменного памятника средневековья «Мукаддимат аль-Адаб».

Предмет исследования. Исторический синтаксис казахского языка.

Цели и задачи исследования. Основной целью исследования является раскрытие сущности именных словосочетаний в письменном памятнике «Мухаддимат аль-Адаб», определение модельных групп, с последующими выводами. Для достижения вышеуказанной цели были осуществлены следующие задачи:

- определение особенностей именных словосочетаний, путем сравнения способов формирования сочетаний слов;

- определение признаков, свойственных именным словосочетаниям;

- определение особенностей именных словосочетаний в отличие от аналогичных единиц;

- анализ именных словосочетаний в языке письменных памятников с точки зрения их роли в словарном фонде;

- выявление места именных словосочетаний в словарном фонде, определение правописания в соответствии с правилами;

- указание методов соединения именных словосочетаний и способов их формирования;

- определение структурных видов и значений именных словосочетаний.

Источники исследования. Был привлечен фактический языковой материал из словаря аль-Замахшари «Мухаддимат аль-Адаб», для их научной интерпретаций были использованы исследовательские труды, связанные с исследуемой проблемой и грамматические материалы по языкознанию.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Теоретические доводы и результаты, выявленные в процессе исследования, пополняет общетюркскую, научную базусовременного казахского языка и синтаксиса. Результаты исследования могут быть использованы в процессе обучения синтаксису именных словосочетаний, проводимого в высших учебных заведениях и для специальных курсов и семинаров, при составлении учебников по диахронной грамматике, а также тюркологии, при составлении историко-этимологического словаря древне-кыпчакского и старо-казахского языка, при исследовании различных письменных материалов, связанных с историей казахского языка.

RESUME

of Utegenova Gulzira Jaksilikovna

The formation of the nominal collocations in written manuscripts of the Middle Ages (“Mukhaddimat al-Adab» ХІV-th century)

Specialty: 10.02.06 – the Turkic language

The actuality of the theme. It is impossible to create the history of any language without written heritage that gives evidence on the condition of the language at every historical period. The research by means of reading historical relics in the process of the identification of its peculiar essence, regularities of the internal development of the ancient and modern Turkish languages, in particular of the Kazakh language is an actual problem having an exclusive importance.

It is rather difficult to know the new one without researching the old one. It is necessary to possess, research, and find out the characteristics of the heritage written and kept since the earliest period and use them historical aims of the Kazakh nation, and the Turkic studies development in our country.

It is common knowledge, that the nominal collocations in the written monuments of Mukhaddimat al-Adab has not been researched on the syntactic level till the present time. It is very important to investigate the structure of the nominal collocations in the language of written monuments of “Mukhaddimat al-Adab”, to investigate peculiarities and varieties in relation with the development of the literary language, the ability of the mutual combination of words, in relation with the formation of new implications and changes of linguistic factor. These factors prove the actuality of the research work.

The object of the research work. The object of the chosen theme is the nominal collocations of the written monuments language of the Middle Ages. In the research work, by analyzing the peculiarities appropriate to the nominal collocations, there have been based ways of grammar intercourses of the nominal collocations of the written materials. Our aim is the formation of the scientific theoretical foundation, the identification of linking peculiarities of word meanings in the composition of the nominal collocations.

The subject of research. Historical syntax of kazakh language.

Goals and tasks of the research work. The main goal of the theme is the development of the essence of the nominal collocations in the written monuments “Mukhaddimat al-Adab”, the identification of their group on the basis of that certain scientific conclusions are done. In the process of the achievement of the abovementioned goal the realization of the following tasks have been planned:

- identification of peculiarities of the nominal collocations by means of comparing ways of formation of word combinations;

- identification of features peculiar to the nominal collocations;

- identification of peculiarities of the nominal collocations unlike similar units;

- analysis of the nominal collocations in the language of the written monuments in terms of the role in the vocabulary;

- designation of the place of the nominal collocations in the dictionary and the orthography in accordance with the regulations in the process of identification of these tasks;

- indication of the methods of formation of the nominal collocations and ways of their formation;

- identification of the structural types and meanings of the nominal collocations.

The sources of the research work. The specific language data were taken from the dictionary “Mukhaddimat al-Adab” of al-Zamakhshari while indicating the definitions of the research works connected with the theme and grammar materials of the linguistics were widely used.

The theoretical and practical importance of research. The theoretical conclusions and results having revealed in the process of the research enlarge the modern Kazakh language and the syntax with new materials. Also research results can be used for the course of word combinations conducted at the higher educational establishments to enlarge with theoretical materials, and for special courses and seminars, in preparation of textbooks on the Diachronic Grammar as well as the Turkic studies, in preparation of the Historical Etymological dictionary of old Qipchaq and old Kazakh language, in preparation of different written materials connected with the history of the Kazakh language.

Была ли эта страница вам полезна?
Да!Нет
6 посетителей считают эту страницу полезной.
Большое спасибо!
Ваше мнение очень важно для нас.

Нет комментариевНе стесняйтесь поделиться с нами вашим ценным мнением.

Текст

Политика конфиденциальности