ПАЙДА НЕМЕСЕ ЗАЛАЛ

ПАЙДА НЕМЕСЕ ЗАЛАЛ

61. Ұйым, басқа Стандарт активтің өзіндік құнына енгізуді талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, төменде келтірілген баптардың таза жиынтық құнын пайдада немесе залалда тануға міндетті:

(a) ағымдағы қызметтердің құны (63-91-параграфтарды қараңыз);

(b) пайыздарға жұмсалған шығындар (82-параграфқа қараңыз);

(c) активтің кез келген жоспарына (105-107-параграфтарға қараңыз) және өтемді алудан кез келген құқықтардан түсетін болжамды табыс (104А-параграфын қараңыз);

(d) ұйымның есеп саясатының талаптарына сәйкес актуарлық пайда және залалдар (92-93 D-параграфты қараңыз);

(е) бұрын көрсетілген қызметтердің құны (96-параграфты қараңыз);

(f) кез келген есептердің немесе секвестрдің салдары (109 және 110-параграфты қараңыз); және

(g) 58 (b)-параграфта белгіленген шектеулердің салдары, 93 С-параграфқа сәйкес пайда немесе залал шеңберінен тыс танылғаннан басқа жағдайда.

62. Басқа да Халықаралық қаржылық есептілік стандарты активтердің өзіндік құнына қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған, қорлар немесе негізгі құралдар сияқты кейбір шығындарды кіргізуді талап етеді (қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және 16-«Негізгі құралдар» IAS). Мұндай активтердің өзіндік құнына кіргізілген, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы төлеуге арналған кез келген шығын 61-параграфта келтірілген баптың тиісті теңдігінде берілген.

Тану және бағалау: белгіленген төлемдері зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны және қызметкерлердің ағымдағы қызметінің құны

63. Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша түпкілікті шығындар зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы шамасы, кадр тұрақсыздығы және қайтыс болу, медициналық қамтамасыз етудегі үрдістер сияқты көптеген ауыспалыларға және фундирленген жоспарға, жоспардың активтеріне арналған инвестициялық кіріске тәуелді болуы мүмкін. Жоспардың түпкілікті шығындары белгіленбеген және бұл белгісіздік әдетте ұзақ уақыт кезеңі бойы сақталады. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін төлемдер міндеттемесінің дисконтталған құнын және ағымдағы активтердің тиісті құнын бағалау үшін:

(а) актуарлық бағалау әдісін қолдану (64-66-параграфтарды қараңыз);

(b) қызмет кезеңдері бойынша сыйақы бөлу (67-71-параграфтарды қараңыз);

(с) актуарлық жорамалдар жүргізу қажет (72-91-параграфтарды қараңыз).

Актуарлық бағалау әдісі

64. Компания төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша өз міндеттемелерінің дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің тиісті құнын және ол қолданылатын жердегі бұрынғы көрсетілген қызмет құнын айқындау үшін болжанатын шартты бірліктер әдісін пайдалануы тиіс.

65. Болжанатын шартты бірліктер әдісі (кейде қызмет кезеңіне теңбе-тең бөлінген жинақталған сыйақы әдісі немесе сыйақы әдісі/қызмет ұзақтығы әдісі деп аталатын) зейнетақыға қосымша құқық үшін негіз ретінде әрбір қызмет кезеңін қарайды (67-71-параграфтарды қараңыз) және зейнетақының әрбір шартты бірлігін кезеңнің аяғындағы міндеттемелерді қалыптастыру мақсатында жеке бағалайды (72-91-параграфтарды қараңыз).

66. Компания еңбек қызметі толық көлемде аяқталған кезде төлемдер бойынша міндеттемені, міндеттеменің бір бөлігі есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде өтелуге жататын болған кезде де дисконттайды.

65-параграфты көрнекілендіретін мысал

Біржолғы сыйақы қызмет аяқталған кезде төлеуге жатады және қызметтің әрбір жылы үшін зейнетақыға шығу сәтіндегі жалақы мөлшерінің 1% тең болады. 1 жылдағы жалақы мөлшері 10,000 тең болады, бұл ретте ол әр жылда 7% (күрделі пайыз) ұлғаяды деп болжанады. Дисконттың пайдаланылатын ставкасы жылына 10%. Төменде келтірілген кесте актуарлық жорамалдарда өзгерістер болмайтыны болжана отырып, бесінші жылдың соңында кететіндігі күтілетін қызметкерге сыйақы төлеу бойынша міндеттеменің қалай қалыптасатынын көрсетеді. Бұл мысалда қарапайымдылық үшін қызметкердің компаниядан көрсетілген күннен ерте немесе кеш кету ықтималдығын көрсету үшін қажетті қосымша түзетулерге көңіл бөлінбейді.

Жыл

1

2

3

4

5

Мыналар үшін сыйақы

- өткен жылдары

0

131

262

393

524

- ағымдағы жылы (соңғы жалақының 1%)

131

131

131

131

131

- ағымдағы және кейінгі жылдары

131

262

393

524

655

Кезең басындағы міндеттеме

-

89

196

324

476

10% ставка бойынша пайыздар

-

9

20

33

48

Ағымдағы қызметтер құны

89

98

108

119

131

Кезең аяғындағы міндеттеме

89

196

324

476

655

Ескертпе:

1. Кезең басындағы міндеттемелер өткен жылдарға қатысты төлемдердің дисконтталған құнын білдіреді.

2. Ағымдағы қызметтердің құны – ағымдағы жылға қатысты төлемдердің дисконталған құны.

3. Кезең аяғындағы міндеттемелер – ағымдағы және өткен жылдарға қатысты төлемдердің дисконтталған құнын білдіреді.

___________________________________________________________________________

Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу

67. Міндеттемелердің дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің құнын, бұл қолданылатын жерде бұрын көрсетілген қызмет құнын айқындаған кезде компания қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны жоспарда белгіленген формула бойынша бөлуге тиіс. Алайда, егер қызметкердің қызметі неғұрлым ерте жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай жоғары сыйақыға әкелетін болса, компания мына кездерден бастап теңбе-тең негізде сыйақыны бөлуге тиіс:

(а) қызметкер сыйақыны алу құқығына ие болған кезден бастап (болашақ қызметі олардың мөлшеріне әсер ету немесе етпеуіне қарамастан);

(b) қызметкер жоспарға сәйкес есептелген барлық елеулі сыйақыларды алуға құқылы болған сәтке дейін, жалақы қосымша өскен жағдайларды қоспағанда, бұдан әрі болашақ қызметке тәуелді болмайды.

68. Болжанатын шартты бірлік әдісі компанияның сыйақыны ағымдағы кезеңге жатқызуын (ағымдағы кезеңдегі қызмет құнын айқындау үшін), сондай-ақ оны ағымдағы және келесі кезеңдерге бөлуін (төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын айқындау үшін) талап етеді.

Компания еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы төлеу бойынша осы міндеттеме туындаған кезеңдер бойынша сыйақыны бөледі. Бұл міндеттеме компания болашақ есепті кезеңдерде төлеуді болжайтын еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақының орнына қызметкердің қызмет көрсетуіне орай туындайды. Актуарлық қабылдаулар компанияның осы міндеттемені борыштық міндеттемені тануды негіздеу үшін жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен бағалауына мүмкіндік береді.

68-параграфты көрнекілендіретін мысал

1. Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары әрбір қызмет жылы үшін 100 мөлшерінде зейнетақы алуды қамтамасыз етеді.

100 мөлшерінде зейнетақы әр жыл үшін есептеледі. Ағымдағы қызмет құны 100 дисконтталған құнға теңестіріледі. Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің есептік күнге дейінгі қызмет істеген жылдарының санына көбейтілген 100 дисконтталған құнға тең болады.

Егер зейнетақы қызметкер компаниядан кеткеннен кейін дереу төлене бастаса, ағымдағы қызметтердің құны және төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің компаниядан кетуі күтілетін күнді білдіреді. Осылайша, дисконттауға байланысты олар қызметкер есепті күні жұмыстан шыққан жағдайға қарағанда кем болады.

2. Жоспар қызметтің әр жылы үшін зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасында ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз етеді. Зейнетақы төлеу қызметкердің жасы 65-кетолғанда басталады.

Болжамды жұмыстан шығу күнгі, зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасындағы қызметкердің компаниядан күтілетін кету кезінен бастап күтілетін болжамды қайтыс болуына дейін төленуге тиісті айлық зейнетақының дисконтталған құнына тең сыйақы әрбір қызмет жылына бөлінеді. Ағымдағы қызмет көрсету құны көрсетілген төлемнің дисконтталған құнына тең болады. Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны есепті күнге дейін жұмыс істелген жыл санына көбейтілген зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасындағы ай сайынғы зейнетақының дисконтталған құнына теңестіріледі. Ағымдағы қызметтің құны мен төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны зейнетақы төлеу қызметкердің жасы 65-ке толғанда басталуына байланысты дисконттауға жатады.

69. Қызметкердің қызметі, егер сыйақы болашақ қызметке негізделген жағдайда (басқаша айтқанда кепілдік берілмеген зейнетақы), төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің пайда болуына алып келеді. Қызметкердің қызметі кепілдік берілген зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәтке дейін қызметкер зейнетақы құқығын алуға дейінгі көрсетуге тиісті қызметінің мөлшері есептіден кейінгі әрбір күнге азаятынына байланысты жүктелген міндеттеме жасайды. Компания төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерді бағалау кезінде кейбір қызметкерлердің кепілдік берілген зейнетақыны алу талаптарын қанағаттандырмауы ықтимал екендігін есепке алады. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақының кейбір түрлері, мысалы, медициналық қамтамасыз ету қызметкер компанияда жұмыс істемейтін кезде, белгілі бір жағдайлардың болуына орай көрсетілуге тиіс екендігіне қарамастан, осыған сай міндеттеме қызметкердің белгілі бір жағдайлардың болуына орай сыйақы алу құқығын қамтамасыз ететін қызмет көрсеткен кезде қалыптастырылады. Белгілі бір жағдайлардың туындау ықтималдығы міндеттемені бағалауға ықпал етеді, бірақ оның болу фактісінің өзіне ықпал етпейді.

69-параграфты көрнекілендіретін мысал

1. Зейнетақы жоспары бойынша сыйақы қызметтің әрбір жылы үшін 100 мөлшерінде төленеді. Сыйақы он жыл қызметтен кейін кепілді болады.

100 мөлшерінде зейнетақы әр жыл үшін есептеледі. Бастапқы 10 жылдың әр жылында ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің 10 жыл бойына қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді.

2. 25 жасқа дейінгі қызметті қоспағанда, зейнетақы жоспары бойынша сыйақы әрбір қызмет жылы үшін 100 тең. Сыйақыға бірден кепілдік беріледі.

Сыйақы 25 жасқа дейінгі қызмет кезеңіне есептелмейді, өйткені қызметкерлер осы жасқа жеткенге дейін ешқандай сыйақыға құқығы жоқ (шартты және шартсыз). Кейінгі әр жыл үшін сыйақы 100 мөлшерінде бөлінеді.

70. Міндеттеме қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша негіз болып табылмайтын кезге дейін өседі. Сондықтан сыйақылардың барлығы осы кезде немесе оған дейін аяқталатын кезеңге жатқызылады. Сыйақы жоспарда белгіленген формулаға сәйкес жеке есептік кезеңдер арасында бөлінеді. Алайда қызметкердің қызметі неғұрлым бұрынғы жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай неғұрлым жоғары сыйақыларға әкелетін болса, компания сыйақыны қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша негіз болып табылмайтын кезге дейін бірқалыпты негізде бөледі. Мұның өзі қызметкердің барлық кезең ішіндегі қызметі, түпкі есебінде осындай неғұрлым жоғары мөлшерде сыйақы төлеуге негіз болып табылатынына байланысты.

70-параграфты көрнекілендіретін мысал

1. Жоспар 10 жыл қызметтен кейін кепілдік берілген болатын 1,000 мөлшерінде біржолғы сыйақы беруді көздейді. Жоспар кейінгі жылдардағы қызмет үшін қосымша сыйақыны қамтамасыз етпейді.

100 мөлшеріндегі сыйақы (1,000 10-ға бөлу керек) бастапқы 10 жылдың әр біреуіне бөлінеді. Бастапқы 10 жылдың әр жылының ішінде ағымдағы қызметтің құны қызметкердің 10 жыл бойына қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді.

2. Жоспар барлық жұмыс істейтіндер үшін 55 жасқа жеткеннен кейін 20 жылдан кем емес еңбек стажы болған кезде немесе жұмыс істейтіндер үшін 65 жасқа жеткенде еңбек стажына қарамастан 2,000 мөлшерінде біржолғы сыйақы беруді көздейді.

Жұмысқа 35 жасқа дейін қабылданған қызметкерлердің қызметі 35 жастан басталатын жоспардың талаптарына ілігеді (қызметкер 30 жасында жұмыстан шығып, 33 жаста қайтып келе алады, бұл сыйақы төлеу мөлшеріне немесе уақытына ешқандай ықпал етпейді). Бұл сыйақылар алдағы уақыттағы сыйақыға негізделген. Сонымен қоса 55 жасқа жеткендегі қызмет сыйақының қандай да болмасын өсуі үшін негіз болып табылмайды. Компания көрсетілген қызметкерлерге 35-тен 55 дейінгі жастың әрбір жылы үшін 100 (2,000-ді 20-ға бөлу керек) мөлшерінде сыйақы бөледі.

Жұмысқа 35-тен 45 жасқа дейін қабылданған қызметкерлер үшін 20 жылдан астам стаж сыйақы сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып табылмайды. Компания көрсетілген қызметкерлерге бастапқы 20 жылдың әрбір жылы үшін 100 (2,000-ді 20-ға бөлу керек) мөлшерінде сыйақы бөледі.

Жұмысқа 55 жаста қабылданған қызметкерлер үшін 10 жылдан астам қызмет сыйақы сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып табылмайды. Компания көрсетілген қызметкерлерге бастапқы 20 жылдың әрбір жылы үшін 200 (2,000-ді 10-ға бөлу керек) мөлшерінде сыйақы бөледі.

Барлық қызметкерлер үшін ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің қажетті мерзімде толықтай қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді.

3. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету жоспары, егер ол 10 жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ 20 жыл қызметтен кем болса, қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған шығынының 40%-ын, және ол компаниядан 20 және одан көп жыл қызмет істегеннен кейін кетсе, осы шығынның 50%-ын өтеуді көздейді.

Компания жоспарда белгіленген формулаға сәйкес бастапқы 10 жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған есептік шығынының 4% дисконтталған құнын (40% 10-ға бөлінген) немесе екінші 10 жылдың әр жылына 1% (10% 10-ға бөлінген) бөледі. Ағымдағы қызметтің әр жылдағы құны қызметкердің сыйақының бір бөлігін немесе барлығын істеген жұмысына есептету үшін қажетті мерзімді толық істемеу ықтималдығы көрсетеді. Компаниядан кетуі 10 жылдан бұрын күтілетін қызметкерге сыйақы бөлінбейді.

4. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету жоспары, егер ол 10 жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ 20 жыл қызметтен кем болса, қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған шығынының 10%-ын, және ол компаниядан 20 және одан көп жыл қызмет істегеннен кейін кетсе, осы шығынның 50%-ын өтеуді көздейді.

Неғұрлым кейінірек жылдардағы қызмет бірінші жылдардағы қызметке қарағанда неғұрлым айтарлықтай сыйақы деңгейіне әкеледі. Сондықтан компания 68-параграфқа сәйкес компаниядан кетуі 20 жыл және одан да көп қызмет жылынан кейін күтілетін қызметкерлер үшін сыйақыны бірдей негізде бөледі. 20 жылдан астам қызмет болашақ сыйақының айтарлықтай өсімі үшін негіз болып табылмайды. Осылайша, бастапқы 20 жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған есептік шығынның дисконтталған құнының 2,5% құрайды (50% 20-ға бөлінген).

Компаниядан кету мерзімі 10 және 20 жыл қызмет аралығында күтілетін қызметкерлерге сыйақы бастапқы 10 жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған есептік шығынның дисконтталған құнының 1% мөлшерінде бөлінеді. Көрсетілген қызметкерлерге олардың қызметінің оныншы жылының аяғынан бастап компаниядан кететін есептік күнге дейінгі қызметіне сыйақы есептелмейді.

Компаниядан кетуі 10 жылдан бұрын күтілетін қызметкерлерге сыйақы бөлінбейді.

71. Сыйақы сомасы зейнетақыға шыққан кездегі әрбір қызмет жылы үшін жалақы мөлшерінің тұрақты үлесі нысанында белгіленген жағдайда, зейнетақыға шыққан кезде жалақының болашақ өсуі есептік күнге дейінгі қызмет кезеңінде күшінде болған міндеттемелердің орындалуы үшін қажетті қаражат мөлшеріне ықпалын тигізеді, бірақ қосымша міндеттемелер жасамайды. Тиісінше:

(а) 67 (b)-параграфтың мақсаттары үшін жалақыны көтеру сыйақының сомасы зейнетақыға шыққан кездегі жалақыға тәуелді болмаған жағдайдың өзінде де қосымша сыйақы төлеуге әкеліп соқтырмайды; және

(b) әрбір кезеңге бөлінген сыйақы мөлшері осы сыйақы тәуелді жалақының тұрақты үлесіне теңестіріледі.

71-параграфты көрнекілендіретін мысал

Қызметкерлер зейнет демалысына шығу сәтінде 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір қызмет жылы үшін жалақы шамасының 3% мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.

Зейнет демалысына шығу сәтінде жалақы шамасының 3% мөлшеріндегі сыйақы 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір жылға жатқызылады. Қызметкердің осы күннен кейінгі қызметі жоспар бойынша сыйақының айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Қызметкер көрсетілген жасқа жеткенде кейінгі қызмет жылдарына сыйақы бөлінбейді.

Актуарлық жорамал

72. Актуарлық жорамал әсіреленбеуі және өзара сәйкес келуі тиіс.

73. Актуарлық жорамал – компания жүргізген, еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз етуге арналған түпкілікті шығындарды айқындайтын ауыспалыларды ең дұрыс бағалау. Актуарлық жорамалдарға мыналар кіреді:

(а) сыйақы алуға құқығы бар, қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және бұрынғы қызметкерлердің (және олардың асырауындағылардың) болашақ мінездемесіне қатысты демографиялық жорамалдар. Демографиялық жол берулер мынадай аспектілерді қарастырады:

(і) қызметкерлердің жұмыспен қамтылған кезеңінде және еңбек қызметін аяқтағаннан кейінгі уақытта қайтыс болу көрсеткіші;

(іі) кадр тұрақсыздығы, мүгедектік және мерзімінен бұрын жұмыстан шығу деңгейі;

(ііі) сыйақы алуға құқығы бар асыраушылармен бірге жоспарға қатысушылардың үлесі; және

v) медициналық қамтамасыз ету жоспарын пайдалану нормасы; және

(b) мынадай баптарға қатысты қаржылық жорамалдар:

(і) дисконт ставкасы (78-82-параграфтарды қараңыз);

(іі) болашақ жалақы деңгейі және сыйақы (83-87-параграфтарды қараңыз);

(ііі) медициналық қамтамасыз етуге арналған жәрдемақыға қатысты – олардың мәні айтарлықтай болу шартымен, өтінімді ресімдеу және жәрдемақылар төлеуге арналған шығынды қоса алғанда, медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындар (88-91-параграфтарды қараңыз); және

(іv) жоспардың активтеріне арналған күтілетін кіріс ставкасы (105-107-параграфтарды қараңыз).

74. Актуарлық жорамалдар жеткілікті түрде зерделеніп жасалса, әсірелеусіз болады, бірақ сонымен бірге шамадан тыс консервативті де болып табылмайды.

75. Актуарлық жорамалдар инфляция, жалақының өсу қарқыны, жоспар активіне кіріс және дисконт ставкасы сияқты факторлардың арасындағы экономикалық қатынасты көрсетсе, өзара сәйкес болып табылады. Мысалы, инфляцияның деңгейіне тәуелді барлық жорамалдар (мысалы, пайыз ставкаларына және жалақының өсуіне және сыйақыларға қатысты жол берулер) болашақтағы кез келген уақыт кезеңіне бірдей инфляция деңгейін болжайды.

76. Компания дисконт ставкасын және басқа да қаржылық жорамалдарды номиналдық (белгіленген) көрсеткіште айқындайды, тек қана бағалау нақты (инфляцияға түзетілген) көрсетуде, мысалы, гиперинфляция жағдайындағыдан неғұрлым сенімді болмаса (қараңыз: 29-«Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептілік» IAS) немесе сыйақы индекстелген және осы валюталардағы және осындай шарттармен индекстелген облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі болған жағдайда.

77. Қаржылық жорамалдар міндеттеме орындалған болуы тиіс кезең үшін есепті күнгі нарықтық күтулерге негізделеді.

Актуарлық жорамал: дисконт ставкасы

78. Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы беру бойынша міндеттемелерді дисконттау үшін пайдаланылатын ставка (фундирленген, сол сияқты фундирленбеген) жоғары сапалы корпорациялық облигациялардың есепті күнгі жай-күйі бойынша нарықтық кірістілігі негізінде айқындалуы тиіс. Осы түрдегі облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі жоқ елдерде мемлекеттік облигациялардың нарықтық кірістілігі (есепті күнгі) пайдаланылуы тиіс. Валюта және корпорациялық немесе мемлекеттік облигациялардың талаптары валютаның еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің есептік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

79. Айтарлықтай мәні бар актуарлық жорамалдардың бірі дисконт ставкасы болып табылады. Ол актуарлық немесе инвестициялық тәуекелді емес, ақшаның уақытша құнын білдіреді. Сонымен қатар дисконт ставкасы осы компанияның кредиторларына жататын, компанияға тиесілі несие бойынша төлемеу тәуекелін көрсетпейді, бұл ставка сонымен қатар болашақ тәжірибенің актуарлық жорамалдарды айырмашылығы болу тәуекелін де көрсетпейді.

80. Дисконт ставкасы сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді көрсетеді. Компангия іс жүзінде бұған сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді, олардың мөлшері мен сыйақы төленуге тиісті валютаны көрсететін орташа алынған бір дисконт ставкасын қолдану арқылы жиі қол жеткізеді.

81. Кейбір жағдайларда барлық болжамды сыйақылар төленуге тиісті есептік мерзімге сәйкес келетін ұзақ өтеу мерзімі бар облигациялардың жеткілікті тереңдіктегі нарығы болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайларда компания тиісті қысқа мерзімді төлемдерді дисконттауға қолданылатын ағымдағы нарықтық ставкаларды пайдаланады және ағымдағы нарықтық ставкаларды экстраполяциялау арқылы ұзақ мерзімді міндеттемелерге арналған дисконт ставкасын есептейді. Жалпы дисконтталған құн қазіргі сәтте айналыстағы корпорациялық немесе мемлекеттік облигацияларды түпкілікті өтеу кезеңінің шегінен асатын сыйақыларды төлеуге қатысты қолданылатын дисконт ставкасына байланысты болу-болмауы белгісіз.

82. Пайыздарға арналған шығындар кезеңнің басында айқындалған дисконт ставкаларын осы кезең ішіндегі төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнына көбейту арқылы, көрсетілген міндеттемелердегі кез келген елеулі өзгерістерді ескере отырып есептеледі. Міндеттемелердің дисконтталған құны жоспар активтерінің әділ құны есептелгеннен кейін танылатындықтын, сондай-ақ кейбір актуарлық пайда және залалдар, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда бұрын көрсетілген қызметтер құны дереу танылмайтындықтан, баланста танылған осы борыштық міндеттеме шамасынан өзгеше болуы мүмкін (А қосымшасы, тағы басқалардың арасында пайыздарға шығынның есебін көрнекілендіреді).

Актуарлық жорамал: жалақы, сыйақылар және медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар

83. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақылар беру бойынша міндеттемелерді бағалауға арналған база мыналарды көрсетуі тиіс:

(а) жалақыны бағалау арқылы болашақта көтеру;

(b) жоспардың талаптары бойынша есепті күнгі белгіленген сыйақы (немесе жоспар талаптарының шегінен тыс шығатын кез келген жүктелген міндеттемелердің нәтижесі болып табылатын); және

(с) төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша берілетін сыйақыға ықпал ететін кез келген мемлекеттік зейнетақылардың деңгейін бағалау арқылы болашақта өзгертуді, мынадай жағдайда ғана:

(і) осы өзгерістер есепті күнге дейін болса; не

(іі) бұрынғы тәжірибе не өзге де сенімді дәлелдеме осы мемлекеттік зейнетақылардың қандай да болмасын болжамды бағыттарға, мысалы, болашақта бағаның жалпы деңгейінің не жалақының жалпы деңгейінің өзгеруімен қатар өзгеретінін көрсетеді.

84. Жалақының болашақта көтерілуін бағалаған кезде инфляция, лауазым, қызметінде көтерілуі және жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сияқты басқа да маңызды факторлар.

85. Егер жоспардың белгіленген шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер) компаниядан оның болашақ кезеңдегі төлемдерін өзгертуді талап етеді, міндеттемені бағалау осы өзгерістерді көрсетеді. Бұл, мәселен, мынадай жағдайларда болады:

(а) компанияның сыйақыны көтерудегі бұрынғы тәжірибесі болса, мысалы, инфляцияның ықпалын өтеу кезінде, және осы тәжірибе болашақта өзгеретініне ешқандай дәлелдеме болмаса; не

(b) актуарлық пайдалар қаржылық есептерде танылған және компания не жоспардың белгіленген шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер) бойынша, не заңнаманың талаптарына сәйкес жоспарға қатысушылардың мүддесі үшін активтердің кез келген өсімін пайдаланса (98 (с)-параграфты қараңыз).

86. Актуарлық жорамалдар есепті күні жоспардың белгіленген шарттарында белгіленбеген (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер) сыйақылардың болашақтағы өзгерістерін көрсетпесе. Мұндай өзгерістер мыналар арқылы көрсетіледі:

(а) бұрын көрсетілген қызметтің құны, өзгеріс болған сәтке дейін көрсетілген қызмет үшін сыйақының мөлшерін өзгертетін шамада; және

(b) өзгерістен кейінгі кезең үшін ағымдағы қызметтің құнын, өзгерістен кейінгі қызмет үшін сыйақы мөлшерін өзгертетін шамада.

87. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі кейбір сыйақылар мемлекеттік зейнетақылар деңгейі немесе мемлекеттік медициналық қамтамасыз ету сияқты ауыспалылармен байланысты. Мұндай сыйақыларды бағалау осы ауыспалылардың бұрынғы тәжірибенің және басқа да сенімді деректердің негізінде күтілетін өзгерістерді көрсетеді.

88. Медициналық қамтамасыз етуге шығынға қатысты жорамалдар болашақта күтілетін инфляцияға және медициналық қамтамасыз етуге арналған шығындарға арнайы өзгерістерге негізделген медициналық қызмет көрсетудің құнын өзгертуді ескеруі тиіс.

89. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті бағалау болашақта медициналық көмек сұраудың деңгейі мен жиілігіне оларды қанағаттандыруға арналған шығынға қатысты жорамалдарды ескеруді талап етеді. Компания медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындарды оның жеке тәжірибесі туралы ақпарат, басқа компаниялардан, сақтандырушылардан, медициналық мекемелерден және басқа да дерек көздерінен алынған қажет болған кезде толықтырылған ақпарат негізінде бағалайды. Медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындарды есептеуге техникалық прогрестің ықпалы, медициналық қызметті тұтыну және ұсыну схемасындағы өзгерістер және жоспарға қатысушылардың денсаулық жағдайындағы өзгерістер ескеріледі.

90. Медициналық көмек сұраудың деңгейі мен жиілігі қызметкерлердің жас шамасына, денсаулығының жағдайына, сондай-ақ олардың жынысына да (олардың асырауындағыларға) көп байланысты, және географиялық жағдай сияқты басқа да факторларға байланысты. Сондықтан бұрынғы тәжірибенің деректері бұрынғы тәжірибенің деректері пайдаланылған кезбен салыстырғанда тұрғындардың демографиялық құрамы қандай шамада өзгергендігіне байланысты да түзетіледі. Олар сонымен қатар тарихи үрдістердің жалғаспауының сенімді дәлелдемесі болғанда түзетіледі.

91. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз етудің кейбір жоспарлары қызметкерлердің жоспарда көзделген медициналық қамтамасыз етуге арналған шығынды жабу үшін жарналар енгізуін талап етеді. Медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындарды бағалау есепті күнгі жағдаймен жоспардың талаптары бойынша жүргізілген осы сияқты кез келген жарнаны есепке алады (немесе осындай шарттардың шегінен асатын қандай да болмасын жүктелген міндеттемелерге байланысты).

Қызметкерлердің көрсетілген жарналарын өзгертудің нәтижесі бұрынғы қызметтердің құны немесе бұлар қолданылатын жерде, секвестрлер. Медициналық қызмет сұрағандарға қызмет көрсетуге арналған шығын мемлекет не өзге де медициналық мекеме ұсынған жеңілдіктердің көмегімен азайтылуы мүмкін (83 (с)-және 87-параграфтарды қараңыз).

Ақтуарлық пайда және залалдар

92. Төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелерді 54-параграфқа сәйкес бағалау кезінде ұйым өзінің актуарлық пайда және залалдар үлесін, егер таза жинақталған танылмаған актуарлық пайда және залалдар есепті кезеңнің соңында мына мәндерден асып кеткен жағдайда, табыс және шығыс ретінде 58А-параграфқа сәйкес тиісінше тануға (93-параграфта көрсетілгендегідей) міндетті:

(а) төлемдер белгіленген жоспар бойынша міндеттемелердің осы күнгі дисконтталған құнының 10% (жоспардың активтерін шегергенге дейін); және

(b) жоспардың кез келген активтерінің осы күнгі әділ құнының 10%.

Көрсетілген шекаралар төлемдер белгіленген әрбір жоспар үшін бөлек есептелуі және қолданылуы тиіс.

93. Төлемдер белгіленген әрбір жоспар үшін тануға жататын актуарлық пайда мен залалдардың үлесі - бұл 92-параграфқа сәйкес айқындалған, жоспарға қатысушы қызметкерлердің зейнет демалысына шыққанға дейінгі қызметінің күтілетін орташа ұзақтығына бөлінген үлестен асып кету. Алайда, ұйым, пайда мен залалға қатысты кезеңнен кезеңге дейін жүйелі түрде пайдаланылатын тек қана бір базаны қолдану шартымен актуарлық пайда мен залалды неғұрлым жылдам тануға алып келетін кез келген жүйелік әдісті пайдалана алады. Ұйым, егер олардың мөлшері 92-параграфта белгіленген шектерде болса, аталған әдістерді пайда мен залалға қатысты қолдана алады.

93А Егер, 93-параграфта рұқсат етілгендей, ұйым актуарлық пайда мен залалды олар туындаған кезеңде тану саясатын қабылдаса, оларды 93В-93D-параграфтарға сәйкес, оны мыналарға қатысты жасау шартымен пайдадан немесе залалдан тыс тануға құқылы:

(а) төлемдер белгіленген өзінің барлық жоспарларына; және

(b) өзінің барлық актуарлық пайда және залалдарына.

93B. Пайда мен залалдар туралы есептен тыс танылған актуарлық пайда мен залалдар, 93-параграфта рұқсат етілгендей, «танылған табыс және шығыстар туралы есеп» деген атаумен меншікті капиталға өзгерістер туралы есеп түрінде ұсынылуға тиіс. Оған тек қана 1-IАS Халықаралық стандарттың 96-параграфта белгіленген баптар ғана кіреді (2003ж. редакцияда). Ұйым меншікті капиталға өзгерістер туралы есепте актуарлық пайда мен залалдарды бағандардағы форматпен, бұл туралы әңгіме 1-IАS Халықаралық стандарттың 10-параграфында айтылады немесе жоғарыда айтылған 1-IАS стандарттың 97-параграфында айтылған баптар қамтылған кез келген басқа форматта беруге құқылы емес.

93С. Актуарлық пайда мен залалдарды 93А-параграфқа сәйкес таныған ұйым танылған табыстар мен шығыстар туралы есептегі пайда мен залалдан басқа 58 (b)-параграфта белгіленген шектеулерден туындайтын кез келген түзетулер де танылуға тиіс.

93D. Актуарлық пайда мен залалдар, сондай-ақ 58 (b)-параграфта белгіленген шектеулерден туындайтын және табыстар мен шығыстар туралы есепте тікелей танылған түзетулер бөлінбеген пайдада дереу танылуға жатады. Оларды кейінгі кезеңде пайдада немесе залалда тануға болмайды.

94. Актуарлық пайда мен залалдар төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын немесе тиісті активтердің әділ құнын көбейту немесе азайту нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Актуарлық пайда мен залалдардың себептері, мысалы, мыналар болып табылады.

(а) кадр тұрақсыздығының көзделмеген жоғары немесе төмен деңгейі, мерзімінен бұрын жұмыстан шығу, қайтыс болу деңгейі немесе жалақыны, сыйақыны көтеру (егер жоспардың белгіленген немесе жүктелген талаптары инфляцияны ескере отырып, төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етсе) немесе медициналық қамтамасыз етуге шығындар;

(b) кадр тұрақсыздығының, мерзімінен бұрын жұмыстан шығудың, қайтыс болу деңгейінің немесе жалақыны, сыйақыны көтерудің (егер жоспардың белгіленген немесе жүктелген талаптары инфляцияны ескере отырып, төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етсе) немесе медициналық қамтамасыз етуге шығындардың болашақ деңгейін бағалауға өзгерістердің ықпалы;

(с) дисконт ставкасын өзгерту; және

(d) жоспар активіне нақты және болжалды табыс арасындағы айырма (105-107-параграфтарды қараңыз).

95. Ұзақ мерзімді болашақта актуарлық пайда мен залалдардың өзара есебі жасалуы мүмкін. Сондықтан еңбек қызметін аяқтау бойынша сыйақылар шамасын бағалау дұрысында ең жақсы бағалаудан ауытқу диапазоны («дәліз») ретінде қаралуы тиіс. Ұйым осы диапазонның ішіндегі актуарлық пайда мен залалдарды тануға міндетті емес. Осы Стандарт компаниядан, кем дегенде, плюс немесе минус 10% мөлшерінде белгіленген «дәліз» шегінен шығатын актуарлық пайда мен заладың нақты баптарын тануды талап етеді. (А қосымшасы, басқалармен қатар актуарлық пайда мен залады есепке алу тәртібін көрнекілейді). Осы Стандарт сондай-ақ 93-параграфта белгіленген ережелер орындалған кезде баптарды неғұрлым жылдам танудың жүйелік әдістерін қолдануға рұқсат етеді. Мұндай әдістер, мысалы, «дәліздің» ішінде, сондай-ақ одан тыс жерлерде актуарлық пайда мен залады дереу тануды қамтиды. 155 (b) (ііі)-параграфы кезекті актуарлық пайданы есепке алу кезінде өтпелі міндеттемені құрайтын кез келген құрамдас бөлікті назарға алу қажеттілігін түсіндіреді.

Бұрынғы қызметтердің құны

96. Төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелерді 54-параграфқа сәйкес бағалау кезінде компания 58А-параграфқа сәйкес шығыс ретінде бұрынғы қызметтердің құнын олар өткеннен кейін зейнетақы төлеуге кепілдік берілетін орташа уақыт кезеңі ішіндегі тең үлестермен тануға тиіс. Төлемдері белгіленген жоспар немесе көрсетілген жоспарға өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен кейін зейнетақыны бірден төлеуге кепілдік берілетін дәрежеде компания бұрынғы қызметтердің құнын тануға тиіс.

97. Бұрынғы қызметтердің құны компания төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарын қолданысқа енгізгенде немесе қолданыстағы жоспарға сәйкес төленуге жататын зейнетақы мөлшерін өзгерткенде пайда болады. Мұндай өзгерістер қызметкерлер сол уақыт өткеннен кейін зейнетақы төлеуге кепілдік берілетін уақыт кезеңі ішінде қызмет көрсетуге жауап ретінде осындай өзгерістер енгізіледі. Осылайша, бұрынғы қызметтердің құны ол осыған дейінгі кезеңдердегі қызметкерлердің қызметіне жатқызылатындығына қарамастан, көрсетілген кезең ішінде танылады. Бұрынғы қызметтердің құны міндеттемеге оларды түзету нәтижесіндегі өзгеріс ретінде бағаланады (64-параграфты қараңыз).

97-параграфты көрнекілендіретін мысал

Компания қызметтің әр жылы үшін зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 2% шамасында зейнетақыны қамтамасыз ететін зейнетақы жоспарын жүзеге асырады. Зейнетақы төлеуге бес жыл қызметтен кейін кепілдік беріледі. 20Х5 жылдың 1 қаңтарында компания зейнетақыны қызметтің әр жылы үшін 20Х1 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 2,5%шамасына көтереді. 20Х1 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20Х5 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қызмет үшін осы қосымша сыйақының көтеру күнгі дисконтталған құны былайша көрсетіледі:

Компанияда бес жылдан артық жұмыс стажы бар қызметкерлерге қатысты 1/1/Х5

150

Компанияда бес жылдан кем жұмыс стажы бар қызметкерлерге қатысты 1/1/Х5

(осы уақыт өткеннен кейін зейнетақы төлеуге кепілдік берілетін орташа уақыт кезеңі: үш жыл)

120

270

Компания 150-ді дереу таниды, өйткені бұл зейнетақы төлемдеріне кепілдік берілген.

Компания 120-ны 20Х5 ж. 1 қаңтарынан бастап үш жыл ішінде бірқалыпты деңгейде таниды.

98. Бұрынғы қызметтер құнына мыналар кірмейді:

(а) жалақыны көтеруге қатысты нақты шама мен бұрын жасалған жол берулер арасындағы туындаған айырмалардың өткен кезеңдерде көрсетілген қызмет үшін сыйақы төқлеу бойынша міндеттемеге ықпалы (бұрынғы көрсетілген қызметтің құны бұл жағдайда қолданылмайды, себебі актуарлық жорамалдарда жалақының болжамды шамасы көзделген) ;

(b) компанияның тиісті жүктелген міндеттемелері болған жағдайда зейнетақыны ұлғайту мөлшерін жете бағаламау және асыра бағалау;

(с) егер компания не жоспардың белгіленген талаптары бойынша (немесе осы талаптардың шегінен тысқары шығатын жүктелген міндеттеме), не заңнама талаптарына сәйкес жоспарға қатысушылардың мүддесі үшін жоспар активтерінің кез келген өсімін пайдалануға міндетті болған жағдайда қаржылық есептерде танылған актуарлық пайдаға байланысты туындайтын зейнетақы мөлшерін арттыруды бағалау, ұлғайтылғын зейнетақы ресми тағайындалмаған жағдайдың өзінде де (осындай түрде пайда болған міндеттемелердің ұлғаюы – бұл актуарлық залал, бұрынғы қызметтердің құны емес, 58 (b)-параграфты қараңыз);

(d) жаңа немесе ұлғайған зейнетақы төлемдері болмаған кездегі жағдайда қызметкерлер зейнетақыға кепілдік беруді қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды орындаған жағдайда, кепілдік берілген зейнетақы төлемдерінің өсімі (бұрынғы қызметтердің құны жоқ, өйткені зейнетақы төлемдеріне арналған шығынның бағаланатын шамасы ағымдағы қызметтің құны сияқты танылады, яғни оның көрсетілуіне қарай); және

(е) жоспарға түзетулердің сыйақылардың және болашақ қызметтің шамасын азайтатын ықпалы (секвестр).

99. Жаңа зейнетақы төлемдерін немесе қолданылып жүргендеріне өзгерісті белгілеген кезде компания бұрынғы қызметтердің құнына уақытша амортизация тәртібін белгілейді. Осындай уақытша амортизация тәртібі шегінде барлық келесі өзгерістерді айқындау және қолданысқа енгізу мақсатында нақты жазбалар жасау іс жүзінде мүмкін емес болып көрінеді. Оған қоса, ең алдымен, осы өзгерістердің ықпалы секвестр немесе жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізілген кезде ғана мәнге ие болады. Осылайша компания уақытша амортизация тәртібіне түзетулер енгізеді.

100. Компания қолданылып жүрген, төлемдері белгіленген жоспар бойынша сыйақы мөлшерін азайтқан кезде пайда болған міндеттемелерді азайту сол уақыт өткеннен кейін азайтылған зейнетақы төлеміне кепілдік берілетін орташа уақыт кезеңі ішінде бұрынғы қызметтің құны (теріс) ретінде танылады.

101. Компания қолданылып жүрген, төлемдері белгіленген жоспар бойынша сыйақы мөлшерін азайтқан кезде және сонымен бірге сол қызметкерлерге осы жоспар бойынша басқа төлемдердің мөлшерін ұлғайтса, компания осы өзгерістердің есебін сальдолау негізінде жүзеге асырады.

Тану және бағалау: жоспар активтері

Жоспар активтерінің әділ құны

102. Жоспар активтерінің әділ құны бухгалтерлік баланста 54-параграфқа сәйкес танылған шаманы анықтау кезінде есептеп шығарылады. Нарықтық баға болмағанда, жоспар активтерінің әділ құны есептеледі; мысалы, жоспар активтеріне жатқызылатын тәуекел ретінде көрсетілген дисконт ставкасы бойынша болжамды болашақ ақша ағындарын дисконтталған әдіспен, сол сияқты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі болжамды кезең немесе осы активтерді шығарудың күтілетін күні (немесе өтеу мерзімі болмаған кезде, тиісті міндеттемені орындағанға дейінгі күтілетін кезең).

103. Есеп беретін компаниядан қорға есептелетін төленбеген жарналар компания шығарған және қорға тиесілі берілуге тиісті кез келген қаржы құралдары сияқты, жоспар активтеріне кірмейді. Жоспардың активтері, қызметкерлерге сыйақы беруге байланысты емес қордың кез келген міндеттемелерінің, мысалы, өндірістік қаржылық құралдарға байланысты туындаған сауда және өзге де кредиттік берешек және міндеттемелерінің сомасына азайтылады.

104. Егер жоспардың активтері, жоспар бойынша сыйақыларға есептелетін кейбір немесе барлық шамалар бойынша дәл сәйкес келетін белгілі бір жағдайларды қанағаттандыратын сақтандыру полистерін қамтыса, көрсетілген сақтандыру полистерінің әділ құны ретінде 54-параграфта сипатталғандай, тиісті міндеттемелердің дисконтталған құны қабылданады (егер сақтандыру полисі бойынша алынуға тиісті сома толықтай өтелмесе, азайтылуыға жататын сома).

Өтеулер

104А. Басқа тарап төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының міндеттемелері бойынша есептеулерді жүзеге асыру үшін талап етілетін шығыстардың бір бөлігін немесе барлығы өтейтін нақты мүмкіндік болған жағдайда ғана компания өтем алуға арналған осы құқықты бөлек актив ретінде тануға тиісті. Компания осы активті әділ құны бойынша бағалауға тиіс. Компания қалған басқа жағдайларда осы актив үшін жоспардың активтеріне сияқты тәртіпті қолдануға тиіс. Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарына байланысты шығыс пайдалар және залалдары туралы есепте шығыс өтеуге танылған таза шама ретінде көрсетілуі тиіс.

104B. Кейде кәсіпорын басқа тараптың (мысалы, сақтандырушы) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерін реттеу үшін қажетті шығысының бөлігін немесе барлығын төлеу мүмкіндігін қарастыра алады. 7-параграфта айқындалған белгі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полистері жоспардың активтеріне жатады. Компания осындай сақтандыру полистеріне қатысты жоспардың басқа активтері үшін пайдаланылатын осыған ұқсас есепке алу тәртібін қолданады және 104А-параграфын қолданбайды (39-42 және 104-параграфтарды қараңыз).

104С. Сақтандыру полисі белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі болып табылмаған жағдайда, осындай полис жоспар активі болып табылмайды. 104А-параграфта мынадай жағдайлар қарастырылады: компания осы сомаға 54-параграфқа сәйкес танылатын белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттемелердің көлемін азайту орнына жеке активтер ретінде сақтандыру полистері бойынша өтемақы алуға өз құқығын таниды; компания басқа барлық аспектілерде осы активке жоспар активтері үшін пайдаланылатын тәсілдерді қолданады. Оның ішінде 54-параграфқа сәйкес танылған белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттемелер белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттемеге және 92 және 93-параграфтарға сәйкес танылмай қалатын өтемақы алуға тиісті құқығына жататын таза жинақталған актуарлық пайда (зиян) қажеттілігіне қарай ұлғаяды (азаяды). 120А (f) (iv)-параграфы компаниядан өтемақы алу құқығы мен тиісті міндеттемелер арасындағы байланыс туралы қысқаша ақпаратты ашуды талап етеді.

104А-С-параграфты көрнекілендіретін мысал

Міндеттеменің дисконтталған құны

1,241

Танылмаған актуарлық пайда

17

Баланста танылған міндеттеме

1,258

Жоспар бойынша кейбір сыйақыларға тиесілі шамасы және уақыт өлшемдері бойынша тура сәйкес келетін сақтандыру полистері бойынша құқықтар. Осы сыйақылардың дисконтталған құны 1,092 құрайды.

1,092

17 шамасында танылмаған актуарлық пайда міндеттеме немесе өтемақыны алу құқығы бойынша таза актуарлық пайданы білдіреді.

104.D. Егер белгіленген төлемдерімен жоспар бойынша төленетін кейбір немесе барлық сыйақы сомасына және мерзімдеріне сәйкес келетін сақтандыру полисі бойынша әділ құнымен өтемақы алу құқығы туындаса, өтемақы алуға құқығы 54-параграфта жазылған тиісті міндеттемелердің дисконтталған құны болып саналады (егер өтемақы толығымен төленбесе, азаяды).

Жоспар активтеріне байланысты табыс

105. Жоспар активтеріне күтілетін табыс пайда мен залал туралы есепте танылған шығыстар бабының біреуі болып табылады. Жоспар активтеріне болжанып отырған және нақты кірісі арасындағы айырма актуарлық пайданы немесе залалды құрайды; ол актуарлық пайдамен және залалмен қоса зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерге таза жиынтық көлемін есептеу кезінде белгіленген төлемдермен енеді, одан кейін 92-параграфта белгіленген он пайыздық «дәліз» шекарасымен салыстырып тексеріледі.

106. Жоспар активтеріне күтілетін табыс тиісті міндеттемелердің қолданылу мерзімі бойынша пайда бойынша кезеңнің басындағы нарық болжамына негізделеді. Жоспар активтеріне күтілетін пайда қор жарна алуы және қор қаражатынан төлем жүзеге асыру нәтижесінде кезең ішінде қорға тиесілі жоспар активтерінің әділ құнының өзгеруін көрсетеді.

107. Жоспар активтеріне күтілетін және нақты табысты анықтау кезінде компания міндеттемені бағалау үшін пайдаланған актуарлық жорамалға жатқызылмаған күтілетін әкімшілік шығындарды төлейді.

106-параграфты көрнекілендіретін мысал

20Х1 жылдың 1 қаңтарына есеп беруші компания осы күнге нарықты негізге ала отырып мынадай есептеулер жүргізді:

%

Қордың салықты төлегеннен кейінгі пайыздық және дивидендтік табыс

9,25

Жоспар активтері бойынша іске асырылған және іске асырылмаған пайда (салықты төлегеннен кейін)

2,00

Әкімшілік шығындар

(1,00)

Табыстың күтілетін ставкасы

10,25

20Х1 жылға жоспар активтеріне күтілетін және нақты табыс мынаны құрайды:

10,25% ставкасы кезінде 12 айда 10,000-ға табыс

1,025

5% ставкасы кезінде алты айда 3,000-ға табыс (әрбір алты айда пайыздың күрделі ставкасы кезіндегі есептелетін 10,25 % жылдық баламаға тең)

150

20Х1 ж. жоспар активтеріне күтілетін табыс

1,175

20Х1 жылдың 31 желтоқсанына жоспар активтерінің әділ құны

15,000

20Х1 жылдың 1 қаңтарына жоспар активтерінің әділ құнын шегеріп тастағандағы

(10,000)

Алынған жарналарды шегеріп тастағандағы

(4,900)

Төленген сыйақыларды қоса

1,900

Жоспар активтеріне нақты табыс

2,000

Жоспар активтеріне күтілетін табыс (1,175) және жоспар активтеріне нақты табыс (2,000) арасындағы айырма 825 көлеміндегі актуарлық табысты құрайды. Осылайша, жиналған таза танылмаған актуарлық табыс 1,525 (760 825 қосқанда, 60 шегеріп тастағанда) құрайды. 92-параграфқа сәйкес «дәліз» шегіндегі 1,500 көлемінде (мыналардан асатын: (і) 15,000-нан 10% және (іі) 14,792-ден 10%) қалыптасады. Келесі жылы (20Х2 ж.) компания пайдалар мен залалдар туралы есепте сыйақы алуғы қызметкерлердің орташа қызмет мерзіміне бөлінген 25 мөлшерінде (1,525 минус 1,500) актуарлық пайда алды. 20Х2 ж. күтілетін жоспар активтерінің табысы тиісті міндеттеменің бүкіл қолданыс мерзімі ішінде 1/1Х2 бойынша нарық болжамдарына негізделеді.

Была ли эта страница вам полезна?
Да!Нет
1 посетитель считают эту страницу полезной.
Большое спасибо!
Ваше мнение очень важно для нас.

Нет комментариевНе стесняйтесь поделиться с нами вашим ценным мнением.

Текст

Политика конфиденциальности